Түркияда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді
Алайда ол аурудың қай қалада тіркелгенін нақтылап айтпады.
30.06.2022 22:35
3672
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жазды, деп хабарлайды El.kz.
– Иммунитеті әлсіреп кеткен 37 жастағы пациенттен маймыл шешегі анықталды. Ол оқшауланды. Індет жұқтырушының басқа адамдармен байланысы кезінде өзге жағдай анықталмаған. Бұл ауру респираторлық тұрғыда емес, тікелей байланыс нәтижесінде жұғады, - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.
Алайда ол аурудың қай қалада тіркелгенін нақтылап айтпады.
ДДСҰ жыл басынан бері 50 елде маймыл шешегін жұқтырудың 3412 зертханалық расталған жағдайы мен 1 өлім тіркелгені туралы ақпараттық бюллетень жариялаған болатын.

Бөлісу: