Түркияда шахтада жарылыс болды
Фото: aa.com
Фото: aa.com
15.10.2022 10:17
1282
Түркияның Амасра қаласында шахтада жарылыс болып, 25 адам мерт болды, деп хабарлайды Анадолу агенттігіне сілтеме жасап El.kz.
Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның келтірген мәліметіне сай, Амасра қаласындағы шахтада болған жарылыстан 25 адам мерт болған. Ал 11 адам дәрігерлердің бақылауында.
«Өкінішке қарай, Батын провинциясында болған апаттан 25 адам қаза болды. 11 адам ем алып жатыр. Оның біреуі ауыр хәлде, 4-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 шахтер ұшақпен Стамбул қалалық ауруханасының күйік шалған адамдарды емдейтін бөліміне жеткізілді», - делінген министрдің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды құжаттарға қол қояды
Келесі жаңалық
Өскемендегі әскери бөлімде ағайынды егіздер қызмет етеді