Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық қазақ тілі олимпиадасы өтіп жатыр

Түркістанда халықаралық қазақ тілі олимпиадасы өтіп жатыр
28.06.2022 05:20 1678

Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам республикасынан келген қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХІХ Халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ балаларын өзінің ана тілі мен әдебиетіне, тарихы мен мәдениетіне баулып, қызығушылығын арттыру. 

Үш күнге жалғасатын шара барысында 70-ке жуық білімді жеткішек алдымен берілген тақырып бойынша эссе жазып, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Одан кейін әділқазылар алқасының алдында ғылыми жобаларын қорғайды. Ал олимпиаданың соңғы күні өз өнерлерін ортаға салады. Ән айтып, би билейді. Өлең оқып, күй тартады. 

Жарыс жеңімпаздары еліміздің Оқу-ағарту министрлігінің арнайы дипломдарымен марапатталады. «Отандастар Қоры» олимпиада жеңімпаздарына Бурабайдайдағы 2 апталық жазғы демалысқа 3 тегін жолдама ұсынады. 

Ташкент облысы Бостандық ауданынан келдім. Бұл жарыс бізге өте маңызды. Қазақ болғандықтан дайындығымыз өте жоғары. Шығарма жағынан, қазақ тілі мен әдебиеті жағынан, ғылыми жұмыс жағынан ізденіп, кітаптар атқардық. Мен өзім қазақ мектебінде оқимын. Мен үшін олимпиада өте маңызды - дейді Өзбекстаннан келген Диана Ордабекова есімді олипиадаға қатысушы.

Ана тілін сүйетіндігі, ата-бабаларының мекені – Қазақстанға деген махаббаты, құштарлығы олардың жүзінен, сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан байқалып жатыр. Көптеген жастардың осы олимпиаданың арқасында Қазақстанға келіп те жатыр - дейді сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға