Жаңалықтар

Түркістандағы драма театр сахнасынан ақау шықты

Маусымға жоспарлаған премьера қазан айына шегерілді.
Түркістандағы драма театр сахнасынан ақау шықты
Фото: turkistan-theatre.kz 22.06.2022 18:51 1555

Театрда маусымға жоспарлаған Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» премьерасы қазан айына шегерілді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Түркістан музыкалық драма театрына қатысты тарап жатқан ақпараттарға қатысты театр басшылығы жауап берді. Ақпаратта «2 тонналық аквариумды көтере алмай сынып кетті» деген жазбалардың жалған екендігі айтылған.

«Театр сахнасымен жалғасып жатқан қозғалыстағы оркестр шұңқырының жылжымалы механизмінің бұзылуына байланысты және арнайы мамандардан құрылған комиссияның шешімімен сахнаның алдыңғы бетін пайдалануға (ақау тетікті алдырып ауыстырғанша) тиым салынды. Себебі, режиссер шешіміне сәйкес көп пайдаланылатын декорациялар орналасқан жер оркестр шұңқырының маңайы болып табылады»,-делінген хабарламада.

Бұл ақаулыққа осы театр құрылысын жүргізген компания кінәлі емес дейді мамандар. Яғни, оркестр шұңқырына орнатылған төрт көтеру механизмінің біреуінің істен шығуы себеп болып отыр. Бұл құрылғының кепілдік мерзімі өтпегендіктен, оркестр шұңқыры механизмін орналастырған компания ақау тетігіне шетелге тапсырыс беріп қойған. Жаңа театр маусымына дейін жаңартылып, сахна толық пайдалануға берілуі керек.

«Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» премьерасында пайдаланатын декорациялардың салмағы сәйкес келмеуіне байланысты репетицияны тоқтатып, премьераны күзге шегеруге тура келді. Театр сахнасы (оркестр шұңқырынан бөлек) спектакльдер қоюға жарамды екенін хабарлаймыз»,-дейді театрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға