Түркістан қаласында медиаторларға арналған «Қоғамдық медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу» тақырыбында семинар өтті.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, семинардың негізгі мақсаты – ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуда медиация институтын пайдалану арқылы қоғамдық медиацияны дамытып, бітімгерлікті одан әрі жетілдіру.
Семинарға жалпы саны мыңнан астам қоғамдық медиаторлар, білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-медиаторлар қатысып, дәріс алды. Семинардың ерекшелігі – бүгінгі қоғамда белең алған жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті тоқтату, еңбек даулары мен мектептерде орын алатын дауларды сотқа жеткізбей, бітіммен шешудің әдістерін қарастырып, «Мектеп медиациясы қызметі» ережесін жүйелендіру.
Әрбір педагог-психолог пен қоғамдық медиаторларға медиация тетіктерін пайдалану кезінде көмек беретін әдістемелік құралдар тапсырылды.
