Жаңалықтар

Түркістанда ҚХА-ның облыстық ХХII сессиясы өтті

Түркістанда ҚХА-ның облыстық ХХII сессиясы өтті
11.12.2019 15:44 2148

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХII сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаевтың «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында айтылған ой пікірлері тағы бір сараланып, оны іске асыру барысы талқыланды.

Түркістанда ҚХА-ның облыстық ХХII сессиясы өтті

Сессияға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, құқық қорғау органдарының жетекшілері, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ардагерлер мен кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

«1995 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы уақыт аралығында өзіне жүктелген тарихи миссияны үлкен абыроймен атқарып келеді. ҚР Тұңғыш Президентінің сарабдал саясатының арқасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім – еліміздің басты тұғырына айналды. Алдымызда сан-қырлы міндеттер тұр. Ең бастысы – ішкі бірлікті бекемдеу болса, екіншісі – облыс орталығы Түркістанды түлету», – деді алғы сөзді алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Түркістанда ҚХА-ның облыстық ХХII сессиясы өтті

Алқалы жиында мемлекеттік саясат аясында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы негізгі міндеттер айқындалады.Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан және ел бірлігін қалыптастыруға үлес қосқан этномәдени бірлестіктің мүшелері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті жерде табысты іске асыруға үлес қосқан бірқатар азаматтар Түркістан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Түркістан облысында 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық, қалалық 7 филиалы және 14 өкілдігі жұмыс атқарады. Әр этностың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениеті мен тілін дәріптеу бағытында этномәдени бірлестіктер жанынан жексенбілік мектептер мен жастар қанаты ашылған. Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті жерлерде өзекті деген мәселелерді қарап, тиісті органдар мен құрылымдарға 100-ден аса ұсыным жолдады. Отбасы құндылықтарын дәріптеуді көздейтін Аналар кеңесі – облыс аумағында 75 тәрбиелік мәні бар қоғамдық іс-шараларға ұйытқы болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға