Жаңалықтар

Түркістан облысының Ассамблея мүшелері жұмысшылар мен шаруаларға Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге түсінік берді

Түркістан облысының Ассамблея мүшелері жұмысшылар мен шаруаларға Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге түсінік берді
08.11.2018 06:08 2058

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын этнос өкілдері жинақы тұратын елді мекендер мен еңбек ұжымдарында талқылау үшін Төлеби ауданының Леңгір қаласындағы «ЛМЗ» ЖШС мен Зағамбар ауылындағы «Абдукахар» шаруа қожалығында болды.

Облыстық ассамблея мүшелері мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысының міндетін атқарушы ЗаңғарҮсіпахметов Жолдау жүктеген негізгі басымдықтар мен міндеттер жайын зауыт жұмысшылары мен шаруаларға қарапайым тілде түсіндіріп, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған саяси құжаттағы басты бағыттар бойынша азаматтардың сауалдарына жауап берді.

«ЛМЗ» зауытындағы цех жетекшісі Фарух Мадалиев еңбек ұжымында этнос өкілдерінен құралған 30-ға жуық жұмысшының бір үйдің баласындай өзара түсіністікпен нәтижелі еңбек етіп жатқанын айрықша айтып, Жолдаудағы қарапайым еңбеккерлердің жалақысын көтеру бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Ал, К. Надиров төрағалық ететін шаруа қожалығының жұмысшылары топ мүшелеріне алғыстарын білдіріп, шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайын сұрап, пікір алмасты.

Кездесу кезінде аудан аумағында этносаралық татулық пен қоғамдық келісім саласында атқарылатын іс-шаралар мен өзекті жайттар тағы бір пысықталды. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Төле би ауданының 118 мыңнан астам тұрғынының 30 пайызға жуығын этнос өкілдері құрайды. Ауданда славян, өзбек, корей, неміс, түрік, күрд этномәдени бірлестіктерінің филиалдары жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға