Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан оқушы қаза тапты
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда
Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv
15.09.2022 13:35
1033
Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полицияға Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты.
Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың жасөспірімдері арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Төбелес соңғы адам өлімімен аяқталған. Оқиаға күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.
Бөлісу:
