Түркістан облысында үндістандық студенттің мәйіті табылды
Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды
Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды. Саяхаттау кезінде суға батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті 26-шы маусымнан бері іздестіріліп жатқан еді, деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ханарық ауылының төмен жағында Ақсу өзенінен мәйітті тапты.
«Тағы бір шетелдің студенттің мәйітін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл жұмыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған»,- делінген хабарламада.
Еске салайық, шетелдік екі студент биыл 26 маусым күні Төлеби ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен болатын.
