Жаңалықтар

Түркістан облысында мас жүргізуші қамауға алынды

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында мас жүргізуші қамауға алынды
Фото: Polisia.kz 08.09.2022 21:15 912

Түркістан облысында мас жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілеме жасап.

Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында бұрылыс жарығын жақпай өтіп кеткен Ваз-21213 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің иесі осы жылдың сәуір айында Түлкібас аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес, көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицей жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін екеніне күдіктенді.

Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы оның мас күйде екенін растады.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға