Жаңалықтар

Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды

Cотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды
Фото: sud.gov.kz 08.09.2022 01:25 1065
Түркістан қаласы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz.

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары мен осы бөлімнің бас маман — бухгалтері қызметтерін атқара жүріп, пара алды деп күдікке ілінген.

Сотталушылар Түркістан қаласының Отырар шағын ауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Сот үкімімен бұрынғы бөлімі басшысының орынбасарына 73 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, бөлімнің бас маман – бухгалтеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға