Жаңалықтар

Түркілердегі саяси ой

Түркі мемлекеті саяси ойыеың асыл мұрасы –жазба ескерткіштерінің өркениеттарихында алатын орны ерекше.
18.08.2014 06:26 7439

Түркі мемлекеті саяси ойының асыл мұрасы –жазба ескерткіштерінің өркениет тарихында алатын орны ерекше. Көшпенділік тұрмыс-салтын ұстағнан түркі тайпаларын даму деңгейі жоғары көрші империялардың өз бодандығында ұстау үшін икемді саясат жүргізгені тарихи шындық. Олар көшпенділер көсемдеріне шен-шекпен, дәреже, қоныстанған жерлеріне мұрагерлік билік иесі болу құқығын берді. Сонымен қатар, тарихи дәуірлерде үлкен жетістіктерге қол жеткізген империялардың экономикалық, саяси және мәдени жетістіктері кең етек жаюының да үлкен тиімділігі болды. Демек, түркі тайпаларының қайсы бірі Қытай бодандығын қабылдап, олармен араласып кетсе, екіншілері күрес жолына түсіп, еркіндігін сақтауға ұмтылды. Түркілер түсінігіндегі төрт бұрышты дүниенің бәрі дұшпан болып тұрғанда Бұмын, Естемі қағандардың ел-жұртты қалыптастырған, басты еңкейткен, тізені бүктірткен саяси әрекеттері тарихта аты қалған ұлы мемлекеттің күш-қуатынан дерек береді.

Түркілердегі саяси ой

Түркі қағанатында ел басшылары арасында биліктің иерархиялық жүйесі орнағанын және ел басына ауыртпалық, қиындық түскен сәттерде халықтың олармен бірлікте болғанын көрсету – ежелгі жазба деректердің идеялық негізі. Жалпыға ортақ рухани байлық бастауында қоғам мүшелерінің барлығы үшін бұлжымас мәнге ие құндылықтардың болуы бұл қоғамның ерекше күшті моральдық-саяси қатынастармен байланысқанын көрсетеді. Сондықтан жеңімпаз жорықтарда қол жеткен жетістік бір қағанға бағынудың нәтижесі делініп, бұл бірліктің кешегі қазақ хандары дәуірінде де сақталғанын айғақтайтын тарихи деректер мол. Дегенмен, өз заманында ұлан байтақ жерге иелік жүргізген түркілер ішкі қайшылықтарды шешетін және сыртқы қысымға қарсы тұрарлық өзара біртұтас саяси орта, бір орталыққа бағынған тұрақты мемлекеттік құрылымға жете алмады. Ішкі саяси-әлеуметтік қайшылықтары шиеленіскен, билік жүйесі тоқырауға ұшыраған елдің күшпен қорқыту, үркіту, қудалаумен ұзақ уақыт өмір сүру мүмкіндігі болмады. Осыдан кезінде бір орталыққа бағынған түркілер Шығас және Батыс болып екі қағанатқа бөлінеді.

Батыс түрік қағанатына кірген ру-тайпалардың қазіргі қазақ жерін мекендегені тарихи дерек. Ел басшылары Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы жерді Қытай империясы шапқыншылықтарынан қорғады. Тарихи дәуірдің саяси – қоғамдық өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер – «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөкті» шежіреші Иоллығ тегін жазып қалдырғаны дәлелденді. Ол бұл еңбегңнде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғаны, оны нығайтқан ел басшылары мен қолбасыларының өмірбаянын, жүргізген күрестерін баяндайды. Жалпы билік, ел басқару мәселесі шығыс елдерінің қоғамдық –саяси тарихында ерекше орын алғаны белгілі. Түркі қағандары өздерін көк аспан Тәңірі қалауымен билік жүргізіп отырмыз деген пікірді кең насихаттаған. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің бірі – «Күлтегінде» Білге қаған, «Тәңірі жаратқаны үшін, өзімнің құтым болғаны үшін қаған болдым»- деді.

Иолығ тегіннің пікірінше, парасатты адам басқарған халықтың әдет-ғұрыптары мен заңдары мүлтіксіз орындалады, бұзық ниетті кісілер болмайды. Билеушісі нашар болса, бұрынғы әдет-ғұрып, жоралғылар сақталмаса, ауыз бірлік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді, деп түсіндіреді.

Саяси биліктің қаған мен бектер қолына шоғырлануы оларға мемлекет тағдыры, қауіпсіздігі, бейбіт тұрмысы үшін саяси-құқықтық тұрғыдан да үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеген. Сондықтан, кейінгі ұрпаққа халықтың жоғарғы билікке мойын ұсынып, сөзсіз бағынуы- тәуелсіздік пен бейбіт тұрмыстың, берекелі тіршілік пен игілікті істердің алғы шарты екенін ұмытпауды нұсқаған өсиеттер қалдырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға