Түріктер туралы қытайша жылнамалар
Түріктер туралы қытайша жылнамалар көп жазған. Оларға мыналар өкілдік етер:
Түріктер - сақтардың ұрпағы, Ғұн қағанатының құрамында болған басты ел. «Солтүстік əулеттер тарихы. 99-бума. 87-баян. Түрік, Батыс Түрік, Телек»дегенде: “Түріктің арғы аталары Батыс теңіздің оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрған. Олар ғұндардың бір тармағы болса керек. Тегі -Ашына. Кей деректерде, түріктер əсілінде Пиңляңда жасаған араласғулар еді. Олардың əулет есімі - Ашына. Уей əулетінің патшасы Тəй У(б. з. 424-452жж.) сақаларды қырғанда, Ашына 500 отбасын ертіп, Нөненге кірме болып, Алтайды мекендеді де, оларға теміршілік етті. Алтайдың пішіні дулығаға (Жақып Мырзахановша айтқанда, түрке дегенге) келіңкірейді. Дулыға түрік деп те аталады. Сондықтан түрік олардың нəмі болып қалды дейді. Былай деп те айтады: Түріктердің арғы аталары ғұндардың терістігіндегі Сақ елінен шыққан. Олардың ұлыс көсемі Абам (Апам, Аба, Абам деген - үлкен дегендік. - С, Ж.) Бек деп аталады. Олар 70 ағайынды еді. Оның біреуі Іді Нышида деген. Ол қасқырдан туған. Нышиданың табиғаттың төтенше құбылысын сезетін қасиеті бар-ды. Ол бір жолда төрт ұл көрді. Оның бірі аққуға айналды. Біреуі Абасу мен Кем (Ким, ) өзендерінің арасынан Қырғұр деген мемлекет құрды. Енді бірі Чатса судың бойынан мемлекет құрды. Тағы бірі Бас Чатшаш тауын мекен етті. Бұл оның үлкен ұлы еді... Сонымен олар үлкен ұлды құрметтеп, өздерінің көсемі етіп сайлады. Бұған түрік деген нам берілді. Оның өз аты - Нағыд Түрік Шад. Түріктің он əйелі болды. Ашына - оның кіші əйелінің баласы... Бауырлары Ашынаны Ағын Шад деген наммен қошаметтеп таққа отырғызды... Ашынадан кейінгі қағанның аты - Түмен”.
Иə, “Марижа Гумбутас (Marija Gumbutas) үнді-еуропа көшпенділерін“күргандар” деп атаған. Орта Азияның сақтары, Шығыс Азияның тохарлары, ғұндары, түріктері, тегіс курган нəсілді топтың серкелері” деп бекер айтпаған ғой. Ал, Лин Ган былай да дейді: “Шюе Зұңжың өз мақаласында“Түріктің ұйтқы тегі - Ашинаның арғы төркіні каспийлік Сақ [486]. Шығыстағы Шөл солтүстігіне ауғасынғы Хуже(Хагат, Қыпшақ), Худы (Қыпшақ) Алтайға келгесін Түрік (Туже) атана бастады. Алтайда телылер көп болатын. Ашиналар қалың Телы этносының ішіне кіргесін, көп ұзамай бір-ақ телілесіп кетті” деп жазады (Лин Ган бұл арада да түрік тайпаларын бейне аты түрік емес түрік ұлттары сықылды елестетіп отыр. - С. Ж.) Демек VI-VII ғасырлардағы. Түрік қағанаты – іс жүзінде телілескен (түріктенген. - С. Ж.) сақтар құрған мемлекет”.
Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"