Жаңалықтар

Тұлға отбасында қалыптасады

Тұлға отбасында қалыптасады
29.11.2019 19:27 2184

Бүгін Достық үйінің мәжіліс залында «Салт-дәстүрлердің жас ұрпақтың қалыптасуы мен дамуына ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен отырысында жас ұрпақтың тәрбиесі, отбасы құндылығы туралы мәселелер қозғалды.

Тұлға отбасында қалыптасады

Дөңгелек үстелге қатысқан қалалық әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Р.Иманғазинова соңғы уақытта елімізде ажырасу деректерінің көбейіп кеткендігін тілге тиек етіп, мұның бала тәрбиесіне зиянын тигізетінін айтты. Дерекке дәйек ретінде келтірілген статистикаға көз жүгіртер болсақ, жыл басынан бері 9294 неке тіркеліп, 3199 адам ажырасуға арыз берген.

Тұлға отбасында қалыптасады

«Бұрын қыз балалар 21-22 жасында тұрмыс құрып жатса, бүгінде қыздардың тұрмыс құру жасы 28 бен 30 жас аралығы болып отыр. Ер жігіттердің де жағдайы дәл осылай. Тағы бір айналып өтпейтін мәселе, соңғы уақытта пәтер немесе жеңілдік алу секілді әлеуметтік мәселелерге байланысты ажырасу оқиғаларының көбейіп кеткендігі. Біз өз тарапымыздан бұл мәселеге байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалармен, отбасылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар бар. Әрине, қиындықтар жоқ емес. Алайда, біз оны еңсеру үшін жұмыс жүргізудеміз», -деді Р.Иманғазинова.

Тұлға отбасында қалыптасады

Дөңгелек үстел қатысушылары сондай-ақ, отбасылық рәсімдер мен дәстүрлердің сақталуы туралы да сөз қозғады. «Жұмыс барысында бала тәрбиесіндегі және бір мәселе «эмоцианалды шарасыздық» пен өз-өзін төмен бағалау деген қорытынды шығардық. Ата-анасы сырласпаған, сенім қарым-қатынасын орнатпаған балада өз-өзіне сенімсіздік пен күйзеліс пайда болады. Бұл оның ата-анадан жырақтауына алып келеді. Біз түрлі салт-дәстүрлер араласқан көпұлтты елде тұрамыз. Жастарды өз әдет-ғұрпын сақтап, оны достарымен бөлісуге шақырғым келеді», - деді «STEP BY STEP» ҚҚ жобасының жетекшісі Л.Демихова.

Тұлға отбасында қалыптасады

Аналар Кеңесінің мүшесі Х.Мациева өзінің жұмысын білімге, тарихқа сүйіспеншілікпен қарауға баулуға құрғанын айтты. Тәрбие беруде ересектер жас ұрпақ үшін үлгі етер беделді тұлғаға айналуы керек. Отырысқа қатысушылар өз жұмыс тәжңрибелерімен бөлісіп, тәрбиелік жұмыстарды қандай бағытта жүргізу керек деген мәселе төңірегінде пікір алмасты. Қазіргі заманда тәрбие беру ісінде де жаңашылдық керек дейді олар. Алайда, тұлға дәстүрлі құндылықтар дәріптелген отбасында қалыптасады. Дөңгелек үстел жұмысына жастар да белсенді қатысты.

Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға