Жаңалықтар

Сырым Шәріпханов өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

Сырым Шәріпханов өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
Фото: ҚР ТЖМ 30.06.2023 03:06 815

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында министр өңір азаматтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Табиғи өрттің негізгі себебі адам факторынан туындайды. Негізінен, азаматтар табиғатта болған кезде сақтық шараларын ұмытып, жабдықталмаған жерлерде от жағып, қоқыстарды қалдырады. Сонымен қатар, шөп шабу немесе егін жинау кезінде фермерлер агротехниканы ұшқын сөндіргіштерсіз пайдаланады, - деді Шәріпханов.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта табиғи өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өрт қауіпті жағдай ерекше бақылауда тұр. Министрліктің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазавиақұтқару тікұшақтары жоғары дайындық режимінде тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға