Жаңалықтар

Сырым Шәріпханов "Костенко" шахтасындағы апатты жою штабына жетекшілік етеді

Сырым Шәріпханов "Костенко" шахтасындағы апатты жою штабына жетекшілік етеді
Фото: Ашық дереккөзден 28.10.2023 09:52 733

Қарағанды облысындағы "Костенко" шахтасында болған өрттен кейін төтенше жағдайлар министрі оқиға орнындағы апатты жою штабына басшылыққа жетекшілікті қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы апатты жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды. Апатты жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған. Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары ашылып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға