Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иранға қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иранға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz 14.03.2023 21:00 1287

Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз. Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді. Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру және өзара елшіліктерін ашулары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға