Сыртқы істер министрінің Қырғыз еліне ресми сапары басталды
Фото: СІМ
Фото: СІМ
29.01.2024 12:24
993
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер жүргізеді және оны Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдайды.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сапарды Қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ата-Бейит» мемориалдық кешеніне және белгілі қырғыз ақыны Чингиз Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысудан бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл МӘМС-ке қанша ақша төлейміз?
Келесі жаңалық
Қандай балалар суицидке барады? Психолог түсіндіріп берді