Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресейге ресми сапармен барады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
10.04.2023 15:48
881
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 13 сәуірде Ресей тарапының шақыруымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді.
Сапар аясында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресей президентінің Халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесуі мен келіссөздері жоспарланған. Қос тарап саяси, сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қaзaқcтaндa әзeрбaйжaндық 900-гe жуық кoмпaния бap
Келесі жаңалық
Антикор жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар енгізбек