Сырдария өзенінен мектеп оқушысының денесі табылды
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзеніне суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы оқиға 14 мамыр күні Қызылорда қаласы аумағында орын алды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.
Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз, - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.