Жаңалықтар

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті
04.11.2019 18:16 2801

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен екі күнге жоспарланған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кешенді шаралар Сырдария ауданында өтті.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

«Қазақтану» республикалық ғылыми-ағартушылық жобасы аясындағы алғашқы лекцияны «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық топ мүшесі Сәкен Алдашбаев оқыды. Ол лекция барысында «Рухани қазынаны жастардың бойына дарыту» – қазақ халқының рухани құндылықтары, ел тарихында болған елеулі оқиғалар мен жетістікке жеткен тұлғалар туралы, олардың оң тәжірибесі мен жастарды тәрбиелеудегі амалдары туралы айтып өтті.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Келесі лекцияны «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім басшысы, философия ғылымдарының докторы, профессор, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық топ мүшесі Баймырза Қожамберлиев жалғастырды. Ол рухани құндылықтардың қоғамдық өмірдегі қатынастарға әсері, қазақ халқының құрылуы, мәдени және тарихи құндылықтары мен қоғам ретінде даму сатылары туралы, жастарға тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру бойынша сөз қозғады.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Семинарда келелі ойлар айтылып, аудан тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптар берілді.

Ал Аналар кеңесінің мүшелері Сырдария ауданының аналарына семинар өткізді. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Рахима Ахметова бақытты отбасы болудың қағидаттары, ажырасудың алдын алу, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Сонымен бірге, жастардың қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуын, білімге, өнерге ынтасын үнемі жетілдіруге жұмыс жасауы, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға араласуы туралы ойларын ортаға салды. Бұл мәселелерді Аналар кеңесінің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі екендігіне тоқтала кетті.

Аналар тарапынан ұтымды ұсыныс-пікірлер айтылып, өмірлік тәжірибелер ортаға салынды.

Өз кезегінде «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Қанат Ботжанов Сырдария жастарына арнап тренинг өткізді.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Жастар бір-бірінің ортасында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру, тиімді өзара қарым-қатынас құру жолдарын бағамдады. Ұйымшылдық арқылы биік шыңдар мен жеңістерге жету жолдарын зерделеді. Алдағы мақсаттарын айқындай отырып, ұжымдық жұмыстың ерекшелігімен танысты.

Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді шаралар өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға