Жаңалықтар

Сырдария ауданында екі ауыл табиғи газ желісіне қосылды

Сырдария ауданында екі ауыл табиғи газ желісіне қосылды
Фото: «AMANAT» партиясы 26.11.2024 04:17 113

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов және С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Мемлекет басшысы «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», деген болатын. Ауыл тұрғындары от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!, - деді ол.

Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың нәтижесінде аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға