Жаңалықтар

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Халық батыры, қаһарман баһадүр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Жанқожа Нұрмұ­ха­ммед­ұлының 240 жылдығы кең көлемде аталып өтілді.
17.10.2014 09:45 8829

Халық батыры, қаһарман баһадүр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Жанқожа Нұрмұ­ха­ммед­ұлының 240 жылдығы Сыр елінде кең көлемде аталып өтілді.

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №269 мектепке бабаның есімі беріліп, батырдың туған жері Қазалы ауданында «Ел қорғаны, Ер Жәкем» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі халық назарына ұсынылды.

Баһадүрді ұлықтаған шара Жанқожа ауылында да аталып өтілді. Мұнда «Тағзым» алаңы салтанатты түрде ашылып, гүлдер жәрмеңкесі мен қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, депутаттар, бабаның ұрпақтары қатысты. 

– Жанқожа батыр Тәуелсіздік деген ұлы құндылық үшін күресті. Ұлтына ұран, халқына қорған бола білді. Тау тұлғаның 240 жылдық мерейтойына орай ауылдың мәдениет үйі, мектеп, әкімшілік ғимараты, көшелер жөндеуден өтіп, жарықтандырылды. Бабаны ұлықтау арқылы кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиеліп, елдің рухын асқақтату, - деді шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 айтыскер ақын батырдың ерлігін сөз етті. Сөз өнері шеберлерінің сайысында түркістандық Бейбарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді. 

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Мейірбек Сұлтанхан атты жас ақын 1-ші орын алды.

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Балуандар белдесуінде қармақшылық Айбек Серікбаев қарсылас шақ келтірген жоқ.

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Қазалы ауданында жүзден астам киіз үй тігіліп, батырдың рухына арнап ас берілді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт болды.

Сыр елінде Жанқожа батырдың құрметіне аламан айтыс өтті!

Батырдың құрметіне арналған шара аламан бәйгемен қорытындыланды. 

Қысқаша анықтама:

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі Қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би бабамыздың ерлік өмірі жайында әрісі орыс, берісі қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір ғасырдан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Сонау 18-ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен қандыкөз көкжалдай алысып, алыстан тоят іздеген қыранша тұғырынан таймай фәниден өтті.
Өзінің ұзақ өмірінде Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы, әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Сонысымен, жанына ерген жауынгерлеріне үлгі болды, халқына қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді. Былтыр батырдың туылғанына 235 жыл толса, биыл батырдың дүниеден өткеніне 150 жыл болды.
Тарихшы М.Тынышбаевтың: «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі де жоғарыдағы пікірімізді айғақтай түседі.
Жанқожаның шыққан тегі айтулы батырлар мен белгілі билердің әулеті. Арғы атасы Киікбай да, түп нағашысы Тама Есет тархан да, өз әкесі Нұрмұхаммед те сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап, қазақ халқы басынан өткен небір сұрапыл шайқастарға қатысып, жұртымызға ерлігімен де, билігімен де еңбегі сіңген ерен тұлғалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға