Сыма Чянның еңбегіндегі Үйсін
Үйсін Елжау Күнбиден (сондай-ақ Хəн Уди патша мен тарихшы СымаЧяннан) үш ғасырдай бұрын өмір сүрген ғұлама Кұң Фузы (К, ң Лауар)кезінде-ақ, Я тілі байырғы стандартты (өлшемдік) тіл, ордалық тіл, ұлықтық тіл саналыпты. Лин Тау айтқандай, “Я деген Жың мағынасында, Яян деген дұрыс, стандартты тіл, жұрттың бəрі бағынатын тіл. Ертеде, бүкіл елдің саяси орталығы астананың диалекті ғана осындай беделге ие болды. Шаң, Жоудан Солтүстік Сұңға шейінгі 2000-нан астам жылдар барысында астана Чаң-ан (Ши-ан) не Лояң болды. Сондықтан бүкіл мемлекетке ұғынықты ортақ тілге таған болған диалекті осы Чаң-ан, Лояң маңының диалекті болуға тиісті. Кұң Фузы, өз мекені Лу ұлысының диалектімен емес, осы тілмен жазған, сөйлеген екен. Қытай ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғалымы Жынжаң Шаңфаң: Ол кезде (б.з.б. V ғасырда) “Егер бірлікке келген ортақ оқыту тілі болмаса, Кұң Фузының елдің əр тұсынан келген үш мыңдай шəкіртінің талайы оның сабағын ұға алмас еді”, “Ежелгі ортақ тіл Лояң тілін стандарт еткен”, “Ерте заманда, оқымыстылар немесе жоғарғы жіктегі зиялылар, ұлықтар Я тілімен сөйлескен, оқытқан, ” деп расайтады. Ал, бұл Я тілі Шя тілінен шыққан. Хəн ұлтына ұйтқы, ядро болған Хуашя тайпасының тілі – бүгінгі хəн тілінің ежелгі бастауы. Тарихта өзге тайпалар осы ұйтқыға сіңе берген, хəндаса берген. Ал ордадағы топ ішінде бұлардың тілі мүлде үстем орында болған.
Тағы бір қызық қисын бар. Ол осы тайпа субъект, автохтон болған Шя əулеті (б.з.б. 2070 - 1600 жж.) бертінгі (б.з. 260-420 жж.) Жин əулеті аумағынан шаңырақкөтерген. Ал, Жин əулетінің патшалары (Сыма Ян, Сыма Цуй, Сыма Чы, Сыма Йе, т. б. ) - осы Сыма Чяннның өз тайпасынан шыққан алыптар. Ендеше, негізінен алғанда, Шя тілі - Шя əулетінің тілі - бүгінгі Хəн ұлтының тілдік тағаны – Жин əулетінің тілін (Сыма Чянның түп тұқиянының тілін) негіз еткен тіл. Демек Хəн жылнамаларындағы тарихымызға қатысты ономастикондардың дұрыс оқылуына жауапты, өзге əлде бір Хəн тайпларына тəн байырғы оқылулардан емес, осы Сыма фамилиялылардікінен қарастыру керек.
Енді мынаны да ескерген жөн. Ырғақтану ғалымы Жынжаң Шаңфаңның айтуынша: “Тіл дегенде өзгеретін жəне өзгермейтін екі бөлік болады... Бүгінгі ортақ тілде (путоңхуа - С. Ж. ) байырғы дыбысталулар баршылық. Мысалы, (каң, гоң, гын, ын, вын, ин, - С.Ж. ) дердің дыбысталуы негізінен өзгермеген... Ортақ тілдің жарымынан артығы ежелгі дыбысталуын сақтаған”, “Жоу əулетінен ( б. з. б. Х ғасырдан - С. Ж. ) соң Орта жазықтікі стандарт етілетін болды. Білім беру мен кеңсе ісі стандартты дыбысталуды үйренуді талап етті. Оқудың бірінші адымы əріп тану болды. Жерлік диалектілер оқытылмайтын етілді. Стандартты дыбысталу оқытылды да, бұл дыбысталу ұрпақтан ұрпаққа тарап жалғасты”, (Əрине Сыма Чян да осы тəрбиемен талаптан өткен! - С. Ж.) “Əр кезеңде де шенді ұлықтардың қызметтік тілі мен тұрмыстық тілі арасында айырмашылық болған (Сыма Чян үшін бұл айырмашылық өте аз болған шығар - С. Ж. )”. “Бейжиң тілі - Юан əулеті кезіндегі астана тілі емес (Жу Юанжаң -ондағы моңғолдарды сахараға қуып жіберген - С. Ж. ), Хыбей ықпалы бар орта жазық тілі”.
Сайып келгенде, мүмкін кей диалектілерде дыбысталуы У дан сəл-пəл өзгешелеу (мысалы, Ұ, Ү, Үй, ) болған да шығар. Бірақ оның бүгінгі ортақ тілдегі (хəн ұлтының путоңхуасындағы) У болып оқылуы көктен түсе қалған бертінгі оқылу дегеннің еш қисыны жоқ. Сондықтан, расында да Ахметұлы Шадымандардың Үйсін деп алуына дау жүрмейді дегенді қайталай айтқым келеді.
Ендеше бүгінгі Бейжиң, яғни Хыбей тілін негіз еткен ортақ тілдің дыбысталуынан орынсыз алшақтау бізді адастыруы, жоғарыда айтылған өзге ниеттегі он түрлі адамға селбесуі мүмкін! Бұдан аса сақ болуға тиістіміз.
Қосымша айта кетрлік бір іс - ол кездегі ономастикондардан жолығатын тіл иелерінің өзге этнос не ұлыстарды төмендетіп, жамандап атауының салдары. Мысалы, Қытай жылнамаларында ежелгі қытайлықтарға төңірегіндегі көршілері и, ди, ман деген аттармен мəлім. Шетелдік аудармаларда бұлар бұратаналар, жатжұрттықтар, жабайылар, варварлар, тағылар деп тіке аударумен алынған. Ал мына рұң сөзі Қытайжылнамаларында батыстағы ұлыстардың жалпылама аты ретінде(мысалы, ширұң - батыс рұңдар) деп алынған. Шетелдік аудармаларда көбінесе батыс бұратаналары деп аударылатын көрінеді. Хəн тілінде əскер, қару деген мағыналары да бар. Мұны Шадыман Ахметұлы “батыснұмдар” деп дұрыс аударған. Тағы бір мысал ғұн, гуйфаң, шянби, түрік... деген дердегі “құл”, “сайтан”, “нашар”,“атылу” мағыналарына ие.
Бүгінгілер мұны ертедегілер ісіне санап, көңіліне алмағаны жөн. Дегенмен біліп қойғанның ол заманды елестетуге де, ономастикондарды дұрыс талдауға да пай- дасы бар. Ал, екі ел (Хəн мен Үйсін) ара байланыс жақсы кезде жазылған Сыма Чянның еңбегіндегі Үйсін атауында мұндай пиғыл байқалмайды. Керісінше оны күннің ұрпағы (“Күн немересі”) деген мағыналы иероглифпен хаттапты. Бұл туралы алдағы бір тұста тағы аялдаймыз.