Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 83 адамға іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 83 адамға іздеу жарияланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.07.2023 15:10 680

2022 жылы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген 83 адамға іздеу жарияланып, 24-і ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында жазылған.

Жалпы, агенттік 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарды. Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн теңге сыйақы төленіп, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды, - деп жазылған ұлттық баяндамада.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2022 жылы 83 адам іздестірілген.

Қабылданған шаралардың арқасында олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған, - делінген ресми мәліметте.

Айта кетейік, былтыр елімізде 7 әкім, 5 прокуратура өкілі, 2 судья жемқорлықпен сотталған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға