Жаңалықтар

«Сыбаға» қайырымдылық айлығында 3,5 мың отбасыға 300 млн теңгенің көмегі көрсетілді

«Сыбаға» қайырымдылық айлығында 3,5 мың отбасыға 300 млн теңгенің көмегі көрсетілді
07.03.2019 11:02 1901

Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық күнтізбесін жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың ақпан айында өңірлерде «Сыбаға» қайырымдылық акциясының іс-шаралары өтті.

Оған этномәдени бірлестіктер, меценаттар және кәсіпкерлер арасынан демеушілер қатысты. Әлеуметтік аз қамтылған 3565-тен аса отбасылар мен 143 823-нан аса мұқтаж жандарға жалпы сомасы 298,8 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

Он екі облыста (Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,  Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан) кең ауқымды іс-шаралар өтті, әр облыста 20-дан астам іс-шаралар өткізілді.

Этномәдени бірлестіктер ҚХА жастар ұйымдарымен бірлесе, концерттер ұйымдастырды, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз басты аналарға «Сыбаға» пакеттерін (азық-түлік себеттері, жинақтар) тапсырды.

Жамбыл облысында «Шиват-Цион» еврей орталығы 42 қарт адамдардың зейнетақысына ай сайын 7000 мың теңгеден аударып отыр, ал Қызылорда облысында үш бірдей бүлдіршінінен қапияда көз жазып қалған анаға демеушілер акция барысында 2 бөлмелі пәтердін кілтін табыстады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

АЙМАҚТАРДА «СЫБАҒА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ

АСТАНАНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІ «СЫБАҒА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ АЯСЫНДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА КӨМЕК БЕРДІ

ТАРАЗДАҒЫ КӘСІПКЕР КӨП БАЛАЛЫ АНАҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ, ШҚО ЖАСТАРЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға