Сүйінші: «Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды.
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады, - делінген мәліметте.
Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.
Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
