«Сүйінші». Мейрамбек Беспаевтың жары үшінші сәбиін дүниеге әкелді
Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің жары мархабат Беспаева Instagram парақшасында аман-есен босанғанын жазып, сүйінші сұрады. Қуанышты жаңалықты әнші Сәкен Майғазиев те бөлісіп, жылы лебізін білдірді.
Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін, - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, бұған дейін 47 жастағы Мархабат Беспаева аяғы ауыр екенін мәлімдеген еді.
Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де, міне, үшінші рет басымнан кешудемін. Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр.
Біз сені асыға күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын, - деп жазды ол.