«Сүйектері сынған». Әкесі ұрған екі жастағы қыз туралы тың дерек шықты
Фото: © Freepik.com
Фото: © Freepik.com
22.01.2025 11:17
241
Павлодарда екі жасар қызды өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан. Баланың екі жақ сүйегі де сынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
КТК телеарнасының мәліметінше, баланы ауруханаға анасы апарған. Әйел рентгеннен кейін қызының төсектен құлап қалғанын айтқан. Қыз екі қолын қозғалта алмай, арқасына қол тигізгенде жылап жіберген. Сәбидің маңдайында көгерген іздер де бар. Алайда анасы тағы да саспаған - баласы басқа балалармен ойнап жүріп жарақаттап алған көрінеді.
Әйел көп ұзамай ауруханаға оралған. Ол бәрін ойдан шығарғанын айтқан. Ал көгерген жерлер мен сынықтар - оның серіктесінің ісі. Бұл істі қазір полиция тексеріп жатыр.
Ер адам ұсталып, қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды