Жаңалықтар

Суретші Нұрбосын!

Ешханов Нұрбосын Жәлелұлы, жас суретші. Мүсінші, сондай-ақ, театр декорациясымен айналысып жүр. Мемлекеттік деңгейдегі макеттер жасауды да қолға алған.
19.03.2015 07:21 6411

Ешханов Нұрбосын Жәлелұлы, жас суретші. Мүсінші, сондай-ақ, театр декорациясымен айналысып жүр. Мемлекеттік деңгейдегі макеттер жасауды да қолға алған.

Суретші Нұрбосын!

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Сондықтан, қылқалам шеберлерінің қайбір туындысы болмасын заманына қарай өз бағасын алып отырады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз жас та болса біраз іс тындырып, өнерімен көзге түсіп жүрген жас суретші әрі мүсінші Ешханов Нұрбосын Жәлелұлы.

Суретші Нұрбосын!

Нұрбосын өзінің қысқаша өмірбаянын былай баяндап берді:

– 1994 жылы 27 мамырда Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Үшарал ауылында дуниеге келгем. Кішкентайымнан сурет пен мүсін өнеріне катты кызығып өстім. Бастауыш сыныптан бастап Албосынов Нұржан алғашқы ұстазым өнерге қолынан келгенше баулыды.  6 сыныптан кейін ұстазым  Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының мектеп интернатына  ертіп келді. Бағым жанып, окуға түсіп кеттім. 3 жылдан соң ол жақты бітіріп, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік өнер колледжіне тапсырып, театр декорациясы мамандығына түстім. Ол жақта ұстазым Рүстем Уәлиұлы декорацияның қыр-сырын терен үйретті. Оқып жүріп, көп жұмыс істедім. Студент болған соң қосымша табыс табу қажет. Бір стипендия жетпейді. Ақшадан бұрын жұмыс істеу арқылы мол тәжірибе жинадым. Тәжірибені ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың.
2012 жылы Астанадағы  опера және балет театрына сурет салдық. Ұзындығы 24 метр, ені 12 метр шығатын көлемді картинаны айлап жүріп әзер бітірдік. Макет жасайтын компанияда жұмыс істедім. Алматылық сәулетшәлердің ЭКСПО 2017 көрмесіне арналған макетін біз жасайтын болдық. Оны жасау қиындыққа түскен жоқ, ең қиыны саусақтың ұшындай ғана 400 ағаш пен 300 көше шамдарын жасау біраз еңбекті қажет етті. Барлығын макеттегі Экспо алаңына іскекпен желімдеп шықтым.
Оқуымды әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болмады. Өйткені менің кәсібімде оқығаннан гөрі соны істеген мол тәжірибе береді. Әйтсе де, оқу артық етпейді. Жоғары оқу орындарына түскенмен колледждегі оқығанымды қайталайтыным белгілі. Ал, мен уақытымды босқа өткізгім келмейді. Қазақстандағы театр, кино декорациясын әлемдік стандартта орындасам деймін. Қазір балаларға арналған республикалық «Балдырған» журналында көркемдеуші-редактор болып қызмет атқарып жүрмін.

Шығармашылығымен таныс боламын десеңіз мына сілтемеге өтіңіз.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға