«Суретке түскісі келген». Өзенге құлап кеткен қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында тау өзеніне байқаусызда құлаған қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне қыздың жоғалғаны туралы 28 шілдеде сағат 10:41-де келген.
Куәгерлердің айтуынша, Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны суретке түспек болғанда тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап кеткен. Күшті ағынмен ол тастардың арасында қысылып, шыға алмаған.
Тау өзеніне құлаған қызды құтқарушылар Сайрам-Су өзенінің арнасынан, жағалау сызығынан, сонымен қатар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан іздеп жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 37 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 бірлік Түркістан облысы ТЖД техникасы, 6 қызметкер және 3 бірлік Түркістан облысы полиция департаменті техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.
