Жаңалықтар

Super Bol 2.0. Астанада футболдан гранд-финал өтеді

Super Bol 2.0. Астанада футболдан гранд-финал өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.07.2023 01:02 923

29 шілдеде елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан «Super Bol 2.0» жобасының гранд-финалы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәлім болғандай, ақтық кездесуде «Super Bol» финалистері «Qj league» құрамасына қарсы ойнайды.

Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынға шетелдік жетекші клубтардың 20-ға жуық скауты келеді деп жоспарланып отыр. Ал, финалдық ойынның төрешісі әлем чемпионаттарындағы кездесулерде ең көп төрелік жасаған Равшан Ирматов болмақ.

Ойын арасындағы үзілістерде жанкүйерлер үшін қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобы өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға