Сұлтан Зауырбек 16-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстан кәсіпқой боксысы Сұлтан Зәуірбек (15-0, 11 КО) Брайтонда (Англия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, 16-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Сұлтан Зәуібек Аргентина өкілі Серхио Мартин Сосамен (13-3, 3 КО) кездескен болатын. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталып отыр. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.
16-шы жеңісімен қол жеткіздім. Қолдаған барлық жанкүйерлеріме рахмет! Аз ғана қалды. Чемпиондар қашуды тоқтатыңдар! QazaQ KING таққа отыруы керек, - деп жазды кездесуден кейін Сұлтан Зәуібек.
Сұлтан Зәуібек қарсыласы Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңіліп отыр. Оның алдында Зауырбек WBO «еуропалық» және WBC жастар белбеуін иеленген еді.
