Жаңалықтар

Сульшер Бахтиер Зайнутдиновті жаттықтырады

Сульшер Бахтиер Зайнутдиновті жаттықтырады
Фото: «Бешикташ» ФК 17.01.2025 23:11 123

​«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер «Бешикташпен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді ол қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновті жаттықтырады. Норвегиялық маман мен оның агенті бүгін Ыстамбұлда қажетті құжаттарға қол қойған.

Дереккөз мәліметінше, түркиялық клубтың норвегиялық маманмен келісімшарты 2026 жылғы маусымға дейін есептелген.

Норвегиялық бапкер 2021 жылдан бері жұмыссыз жүрген. Ол соған дейін Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын баптаған. Бұл қызметке ол 2018 жылғы желтоқсанда тағайындалған еді. Сонымен қатар Сульшер «Мольде» мен «Кардифф» клубтарында жұмыс істеді.

Ал «Бешикташ» клубын Сульшердің алдында нидерландтық Джованни ван Бронкхорст жаттықтырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға