Жаңалықтар

Суға кеткен мал шығыны қалай өтеледі?

Суға кеткен мал шығыны қалай өтеледі?
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі 30.04.2024 19:06 954

Тасқынның салдарынан еліміз бойынша 8 200-ден астам мал қырылды. Бұл туралы "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен суға кеткен төрт түліктің шығыны өтеліп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысы қырылған малдың өтемақысын толығымен төлеген. Атырау және Ақмола облыстарында өтініштер әлі де қабылданып жатыр. Қарағандылық Серік Қашкенбаев бір күнде түгел малынан айырылып қалған. Арнайы комиссия суға кеткен малды тез арада түгендеп, шығынын өтеп беріпті. 

Екі-үш күн ішінде әкімдік шығынымды өтеді. Қазір малдың басы түгел деуге болады. Шығынды бір апта ішінде қолма-қол ақшамен өндіріп, мал басын түгендеп берді, – дейді ол. 

Өтемақы мөлшерін малдың қара базардағы құнына қарай есептейді. Қаражат қазынадан да, бюджеттен тыс көздерден де тартылады. Ол үшін мал иесі жергілікті әкімдіктер құрған комиссияларға өтініш беруге тиіс. Ресми тіркелмеген не өлексесі табылмаған түлікке де өтемақы төленеді. Ол үшін өтініш жазарда малдың болғанын растайтын үш куәгерді ұсыну қажет. 

Аталған алгоритмге сәйкес, су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға