Жаңалықтар

Судья Бишімбаев пен көріпкелдің хаттарын оқыды

Судья Бишімбаев пен көріпкелдің хаттарын оқыды
Фото: ҚР Жоғарғы сот 23.04.2024 12:50 16759

Айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова көз жұмған күні кімге хабарласқаны тексеріліп жатыр. Қоңырау шалғандардың тізімінде Бақытжан Байжанов, Шымкенттегі көріпкел Гүлнәр, блогер Гүлнәр Насырбекова және Айжан Берденова бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы Шымкенттегі көріпкел әйел Гүлнарға бірнеше рет хабарласып, хат жазысқан.

19.41 – бас тартылған қоңырау.

19.44 – ұзақтығы 1 минут;

19.51 – бас тартылған қоңырау;

19.56 – ұзақтығы 43 секунд;

19.57 – ұзақтығы 23 секунд;

20.01 – ұзақтығы 15 секунд;

Салтанаттың тамыр соғысын таппағандықтан, не болып жатқанын сұрағым келді, ол жауап бермеді. Содан кейін ол жауап берді де, “жедел жәрдем шақырыңыз” деп тұтқаны қойды. Сіз ол кешке оянады дедіңіз ғой, ол оянбай жатыр, тамыр соғысын таба алмай тұрмын” дедім", – деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ сағат 15:01-де Бишімбаев көріпкелге : "Онда бәрі жақсы ма?" деп жазады. Содан кейін 19.44-те ол көріпкелден "Есі сау ма?" деп сұрайды. Әйел сұрақтарға “иә” деп жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға