Судья Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты алып тастады
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
02.05.2024 10:31
12354
Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыс жайлы хабарламағаны туралы істі тоқтатты. Енді Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің бір ғана бабы бойынша айып тағылады. Ол 432-бабының аса ауыр қылмысты жасырып қалу бойынша жауап береді.
Мемлекеттік айыптаушы Байжановты Бишімбаевқа тағылған қылмысты белсенді түрде жасыруға тырысқан деп айыптап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
- 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
- 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаттың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды