Судандағы әскери қақтығыстардан 833 адам көз жұмды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
19.05.2023 03:12
764
Судан әскері мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 833-ке жетті, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі. Сонымен қатар 3 мыңнан астам жарақат алды.
Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті дәрігерлер мәлімдеді.
Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 833-ке дейін өсті, 3329 адам жарақат алды, - делінген дәрігерлер мәлімдемесінде.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қақтығыстан 700-ге жуық адам құрбан болғанын және бейбіт тұрғындар арасында 5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ФИФА әлем чемпионатының логотипін таныстырды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды