Суда батып кетпес үшін не істеу керек?
Елімізде алғашқы жарты жылда 171 адам суға батып кеткен
Елімізде алғашқы жарты жылда 171 адам суға батып кеткен. Оның 58-і балалар. Төтенше жағдайлар министрлігі суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелеріне баса мән беру керектігін ескертсе де, өкінішке қарай, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмай тұр, – деп хабарлайды El.kz.
Осы орайда суда батып кетпес үшін мамандар кеңесіне жүгінуді жөн көрдік:
1. Әдетте адамдар суға батып жатқанда қолдарын жоғарыға көтереді, ол дұрыс емес, себебі мұндайда басыңыз судың астында қалып қояды;
2. Аяқ-қолыңызды судың астында тоқтаусыз қозғалтыңыз, құдды жүріп келе жатқандай. Бұл басыңызды су бетінде ұстауға көмектеседі әрі қолыңызды тынықтырып алуға мүмкіндік бар;
3. Көмек жеткенше дәл осы қимылды қайталай беріңіз.
4. Суда ұзағырақ қалқып тұру үшін өкпеңізді ауаға толтырыңыз. Өкпеңізде ауа болмаса, су түбіне кету қаупі артады;
5. Ешқашан жалғыз жүзбеңіз. Тіпті кәсіби жүзгіштердің өзі ағысқа төтеп бере алмайды.
Автор:Сауле Сарбасова
