Субсидия алу үшін фермерлерден 4,3 мың өтінім түсті
Gosagro.kz порталында қазақстандық фермерлер жалпы сомасы 24,5 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялауға 4391 өтінім берді. 1,3 млрд теңгеге 270 өтінім мақұлданды, түрлі себептер бойынша 796,1 млн теңге сомасына 113 өтінім қабылданбады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі АШМ-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің былтырғы жылғы кезеңде резервке қойылған өтінімдер бойынша фермерлер алдында 26 млрд теңге мөлшерінде берешегі бар. Деректер Qoldau жүйесінен Ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне тартылды.
Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша өңірлердің АШБ былтырғы берешектері жабылғаннан кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады. СБМАЖ-де жиналған деректердің төлемдерін қалыптастыру бойынша функция іске асырылды. Облыс әкімдіктеріне тиісті түсініктемелер жолданды. Бүгінгі таңда 7 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институты тіркелді, оларға 4,1 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды.
Сонымен қатар, министрлік Ауыл шаруашылығы басқармаларымен бірлесіп пайдаланушылардан келіп түсетін өтінімдерді қарау және мақұлдау процесін офлайн және онлайн режимдерде пысықтайды.