Жаңалықтар

Су тасқынының алдын алуға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғандар әлі қамауға алынбаған

Су тасқынының алдын алуға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғандар әлі қамауға алынбаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.04.2024 13:10 663

Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов су тасқынының алдын алуға бөлінген қаржының жымқырылуына байланысты  қылмыстық істің қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігі гидрологиялық нысандарды салуға бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуын тексеріп жатыр. Бүгінде 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істің басым бөлігі бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тіркелді. Бір дерек дамбаға заңсыз қызмет көрсетуге қатысты. Ұрланған бюджет қаржысы жалпы – 1 млрд теңге, - деді ол.

Жеңіс Елемесов бұл қаржы  гидрологиялық нысандарды күтіп ұстауға бұрын бөлінгенін атап өтті. Сөзінше, бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке тендер алған кәсіпкерлер мен актіге қол қоюға қатысқан лауазымды тұлғалар іліккен.  

Өкінішке қарай, сотқа дейінгі тергеу мәліметі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Ақпарат жарияланса, қылмыстық жауапкершілік көзделген. Әзірге ешкім қамауға алынған жоқ. Су тасқыны әлі болып жатыр. Кейбір адамдар су тасқыны болған жерде жүр. Сондықтан қазір оларды тұтқынға алатын жағдай жоқ. Шекараны жапқандықтан, олар ешқайда қашып кете алмайды, - деді Елемесов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға