Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді

Су тасқынынан зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді
Фото: t.me/KZgovernment 14.05.2024 10:39 884

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Бозымбаев осы аптада Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі күтілуде екенін жеткізді.

Су тасқынынан зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді

Еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Екі елді мекен (Ақтөбе облысы) әлі де көлік қатынасынсыз. Олар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 7 мыңнан астам адам және 1900 бірлік техника, оның ішінде 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Су басу аймақтарынан 119 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 44 мыңы балалар. Бүгінгі таңда өз үйлеріне 55,6 мың адам оралды, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысы су тасқыны салдарын жою (оның ішінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша) Т.Құлыбаевтың бір топ компаниялары көмек көрсететін атап өтті.

Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362,5 млн теңге сомасында өтемақы алды. 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы алды. Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда, – деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға