Су тасқынынан кейін Ырғыз ауданында салынып жатқан үй сапасына тұрғындар алаңдаулы
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
18.06.2024 10:21
1080
Үкімет отырысы басталарда кулуарда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан тілшілер су тасқынынан кейін салынып жатқан үйлердің сапасын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілі:
Ырғыз ауданында 50 үй салатын мердігер компания Сарыобада тағы 75 үйдің құрылысын бастағалы жатыр. Небәрі екі айдың ішінде бітетін тұрғын үйдің сапасына тұрғындар алаңдап жатыр, - деді.
Аталған мәселеге қатысты Бозымбаев алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл мәселе бақылауда болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ сол өңірде қазіргі таңда министрдің орынбасары жүргенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасады