Жаңалықтар

Су тасқынынан 30 адам қаза тапты

Су тасқынынан 30 адам қаза тапты
Фото: washingtonpost.com 07.04.2025 21:44 171

Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасадағы су тасқыны салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Су басқан үйлер, қираған көпірлер мен жолдар – табиғи апаттың зардабы ауыр болды.

Ондаған әуе рейсі тоқтатылды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Стадиондар уақытша орналасу пункттеріне айналдырылды.

Басылымның жазуынша, зардап шеккен аудандарда су жиналып қалуына нашар дренаж жүйесі себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Киншасада осындай ірі су тасқыны соңғы рет үш жыл бұрын болған. Ол кезде 100 адам қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға