Су тасқынынан 100-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
06.05.2024 13:43
2699
29 сәуірден бастап Бразилияның оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатының кең аумағында қатты нөсер болып, соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның кесірінен 78 адам қаза тауып, 105 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 115 мың адам үйлерін тастауға мәжбүр болды. Жаңбырдан кейін лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген.
Аргентина мен Уругваймен шектесетін штатта дауылды жаңбыр болып, үйлер қирады. Порту-Алегре қаласының әкімшілік орталығында бұрын-соңды болмаған су тасқынын Гуайба өзені жағдадан шығып тудырған нөсерге ұласты.
Қазір су басқан өңірде құтқару жұмыстары болып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мереке күндері ауа райы қандай болады