Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр 11.03.2025 10:18 256

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады, деп жазды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.

Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті, – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға