Су тасқынына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
22.04.2024 09:00
511
22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті
Келесі жаңалық
Мадаскарда нөсер жауыннан жиырма шақты адам қаза тапты