Су тасқыны жазықтан келеді деп күтпедік - вице-министр
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
02.04.2024 16:00
760
Үкімет отырысының баспасөз брифингінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Су тасқынына алдын ала дайындалу қажеттігі айтылған болатын. Сол себепті қызыл судың келуіне дайын болғанымызды аңғаруға болады. Айта кету керек, 45 мың адам тұратын 11 өңір мен 45 елдімекенде су басу қаупі бар екені ескертілді. Ал қалған 5 облыстағы су тасқыны өзендердегі су деңгейінің өсуіне байланысты емес, жазықтан келгені анық. Яғни күтпеген жерден келді десек болады. Сондықтан өз тарапымыздан жедел түрде әрекет еттік дей аламыз,-деді вице-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Маскадағы адам» жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыс етті