Су тасқыны: Ырғыз ауданына бөгеттерді нығайту үшін техника жіберілді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
28.03.2025 03:20
400
Су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына мамандандырылған инженерлік техника жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бөгеттерді нығайту, өзен арналарын тазарту және судың қауіпсіз ағынын қамтамасыз ету жұмыстарына Ақтөбе облысы ТЖД күштері, сондай-ақ ТЖМ әскери қызметшілері мен Есет батыр атындағы 20982 және Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімдерінің техникасы тартылды.
Ведомство құтқарушылар мен әскери қызметшілер тобы су тасқыны қаупін барынша азайту және елдімекендерді қорғау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинады
Келесі жаңалық
Жаңбыр, жел: наурыздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады