Су тасқыны салдарынан өңірлерде 12 мыңнан астам мал өлген

Су басу кезеңі басталғалы өңірлерде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 140 мыңға жуық бас ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЖАО-лардың жедел деректері бойынша бүгінгі күні республика өңірлерінде өлім-жітімге ұшыраған жануарлар саны 12 450 басты құрайды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин осындай деректерді келтірді.
Өлген малдардың өлекселері жиналып, жойылды. Келтірілген залал 100 пайыз өтелді, - деді спикер.
Оның айтуынша, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республкиалық штаб 7 сәуірде су тасқынын өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі агоритмін бекітті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидалары әзірленіп, бекітілді.
